Жұма, Қараша 22, 2024

Петропавлдағы № 1 халықтық жаңалықтар порталы

Басты бетПетропавл және СҚО жаңалықтарыСҚО-да республикалық жолдарды күтіп ұстауға 1,4 миллиард теңге бөлінді

СҚО-да республикалық жолдарды күтіп ұстауға 1,4 миллиард теңге бөлінді

Солтүстік Қазақстан облысындағы автомобиль жолдарын қысқы кезеңге дайындау мәселесі «AMANAT» партиясының СҚОФ партиялық бақылау комиссиясының отырысында талқыланды, деп хабарлайды Social Media.

Өңірдегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы шамамен 2 мың шақырымды құрайды. Биыл бұл жолдарды күтіп ұстауға 1 миллиард теңге бағытталды. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерден Шортыбаевтың айтуына қарағанда, облыстық маңызы бар жолдарды ашып, тазартуға барлығы 108 техника дайын тұр. Ал аудандық 4,5 мың шақырым жол үшін 111 бірлік техника сақадай сай. Сондай-ақ 375 ауыл шаруашылығы құрылымымен меморандум жасалған. Олардың есебінен аудандық маңызы бар 1 мың шақырымға жуық жол және кентішілік жолдар қамтылады.

«Бүгінде жергілікті маңызы бар автожолдар бойынша 1383 су өткізу құбырларын тазарту және жабу жұмыстары жүргізілді, 266 қарлы учаскеде жолды ағаштардан тазарту жұмыстары басталды. Сонымен қатар жергілікті жолдарда еріген қар суынан су тасқыны қаупі бар 41 учаске анықталды. Сондықтан тасқынды болдармау мақсатында су өткізу құрылғыларын жабу жұмыстары жалғасады», – деп атап өтті Ерден Шортыбаев.

Республикалық маңызы бар жолдарды қысқа дайындау барысы туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры Талғат Смағұлов баяндады. Оның айтуынша, 2024-2025 жылдарға 1,4 миллиард теңге бөлінген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 25%-ға артық. Қазіргі уақытта филиалда 128 бірлік арнайы қар тазалау техникасы бар, оның 120-сы жұмыс істеп тұр.

 «Нормативтік талаптарға сәйкес 136 бірлік қар тазалау техникасы қажет. 6 бірлік техниканың жағдайы нашар, оларды 15 қарашаға дейін жөндеуді жоспарлап отырмыз. Биыл тағы 19 бірлік техниканы жалға алу көзделген», – деді Талғат Смағұлов.

Сондай-ақ оқыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Танымал

Соңғы пікірлер