Жұма, Сәуір 25, 2025

Петропавлдағы № 1 халықтық жаңалықтар порталы

Басты бетПетропавл және СҚО жаңалықтарыСҚО-да шетелдік инвесторлар тыңайтқыш өндіретін бірнеше зауыт салуға ниетті

СҚО-да шетелдік инвесторлар тыңайтқыш өндіретін бірнеше зауыт салуға ниетті

Солтүстік Қазақстан облысында тыңайтқыш өндіретін жаңа зауыттар пайда болуы мүмкін. Аймақ әкімі шетелдік инвесторлармен бірге осы жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды Social Media.

СҚО әкімі Гауез Нұрмұхамбетов ресейлік «УА» компаниясының басқарушы директоры Елена Филиппова және «ГринДар» директоры Евгений Усаченкомен кездесті. Кездесуде өңір аудандарында тыңайтқыш өндіретін бірнеше зауыт салу мүмкіндігі талқыланды.

“Мемлекет тарапынан аталған жобаны табысты іске асыру үшін шетелдік инвесторларға қажетті көмек көрсетілетін болады. Біз жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде – идеядан бастап жобалық қуаттылыққа шығуға дейін барлық инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетеміз”, – деп атап өтті өңір басшысы.

Облыс жыл сайын топырақтың құнарлылығын арттыру және өнімділікті арттыру үшін минералдық тыңайтқыштарды енгізу көлемін белсенді түрде арттырып келеді. Тек биыл ғана 333 мың тонна тыңайтқыш енгізіледі. Жаңа кәсіпорынның құрылысы өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға маңызды үлес қосады.

Сондай-ақ оқыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Танымал

Соңғы пікірлер