Сәрсенбі, Қараша 26, 2025

Петропавлдағы № 1 халықтық жаңалықтар порталы

Басты бетПетропавл және СҚО жаңалықтарыСҚО-да «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында оқыту мақсатындағы сот процесі өтті

СҚО-да «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында оқыту мақсатындағы сот процесі өтті

2025 жылғы 24 қарашада «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қызылжар ауданы прокуратурасының бастамасымен аудандық сотта жастарға арналған көрсетілімді сот процесі өткізілді, деп хабарлайды Social Media.

Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін арттыру және құқық бұзушылық үшін жауапкершіліктің маңызын дұрыс түсіндіру.

Көрсетілімді сот процесі барысында жастар сот отырысының нақты тәртібімен танысып, заң бұзушылықтың қандай салдарға әкелуі мүмкін екенін анық көрді.

Мұндай іс-шаралар жастардың заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсініп, өмірлік жағдайларда дұрыс таңдау жасауына ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Танымал

Соңғы пікірлер