2025 жылғы 9 сәуірде Явленка ауылында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Есіл аудандық жедел штабы терроризмге қарсы жаттығулар өткізеді, деп хабарлайды Social Media Солтүстік Қазақстан облыстық терроризмге қарсы жедел штабының ақпараты бойынша.
Бұл оқу-жаттығулардың мақсаты – практикалық дағдыларды пысықтау және құқық қорғау, арнайы органдардың күштері мен құралдарының шұғыл әрекет етуге және терроризм актісіне байланысты ықтимал төтенше жағдайлардың жолын кесуге дайындығын тексеру.
Оқу-жаттығу барысында «АЛАН» брондалған доңғалақты көлігі Петропавл қаласы және Явленка ауылы бағытында іске қосылады, сондай-ақ Тәуелсіздік, Әбішев, Қизатов, Ыбыраев және Гагарин көшелерінде даңғылында қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі.
Сонымен қатар, аудан тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз.