Солтүстік Қазақстан облысында 4–11 шілде аралығында ауа райы тұрақсыз болады. Көптеген күндері жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін, Social Media деп хабарлайды.
5 шілде күні қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында бұршақ жаууы ықтимал. Таңертең кей жерлерде тұман түседі. Жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
6–8 шілде аралығында жаңбыр мен найзағай жалғасады. Кей күндері бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы күндіз 25-30 градусқа дейін көтеріледі.
9–10 шілдеде қатты жаңбыр, бұршақ пен дауыл қаупі бар.
11 шілдеде күн жылынып, жауын басылады. Күндіз 30 градусқа дейін ысуы мүмкін.
Мамандар жолда абай болуға, ал қатты жел мен найзағай кезінде үйден шықпауға кеңес береді.