Петропавлдағы Пестрое көлінің маңындағы тұрақта Солтүстік Қазақстан облысының автожолдарын қыс мезгілінде күтіп ұстауға жауапты ұйымдардың арнайы техникасын байқау өткізілді, деп хабарлайды Social Media.
Солтүстік Қазақстан облыстық «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ филиалының басшылығымен және «ҚАЖсервис» ЖШС СҚОФ-ның бас мердігерімен бірге бұл байқауға СҚО ПД бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Құрманғали Ысмағұлов қатысты.
Қойылған техниканың ішінде қалың мұздарды жоюға арналған ауыр грейдерлер, ауыр жүк көліктерінің базасындағы біріктірілген жаңа машиналар бар. Техника паркі өткен жылдардағы тәжірибені ескере отырып жаңартылған. Облыста барлығы 328 бірлік арнайы техника дайындалды.
Құрманғали Ысмағұлов полицейлердің мүдделі инстанциялармен бірлесіп автомобиль жолдарының күзгі кешенді тексерісін жүргізгенін атап өтті.
Жұмыс авариялық және құтқару қызметтерімен тығыз байланыста жүргізіледі. Тұрғындар үшін жолдардағы проблемалар туралы хабарлауға болатын «102» (полиция), «1403» (Қазавтожол) және «109» (IKomek) тәулік бойғы арналары жұмыс істейді.