Сәрсенбі, Қаңтар 8, 2025

Петропавлдағы № 1 халықтық жаңалықтар порталы

Басты бетПетропавл және СҚО жаңалықтарыСҚО ТЖД және "Атамекен": бірге-Қауіпсіз Жаңа жыл үшін!

СҚО ТЖД және “Атамекен”: бірге-Қауіпсіз Жаңа жыл үшін!

Солтүстік Қазақстан облысында алдағы мерекелерде өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, мейрамханалар мен кафелер, сауда-ойын-сауық орталықтарының, сондай-ақ жаңа жылдық іс-шаралар өткізілетін басқа да объектілердің иелері қатысты. Бейнеконференцбайланыс арқылы 150-ге жуық адам сөз тыңдады, деп хабарлайды Social Media.

Дөңгелек үстел барысында облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен облыстық полиция департаментінің өкілдері өрт қауіпсіздігі мәселелерін талқылады. Іс-шарада өрттердің алдын алу мен қауіпсіздік шаралары туралы маңызды ақпараттар айтылды, сондай-ақ өрт қауіпсіздігіне қатысты бейнероликтер көрсетілді.

СҚО ТЖД департаментінің бастығының орынбасары Дмитрий Растихин өз сөзінде облыс бойынша өрттер туралы ақпарат беріп, олардың негізгі себептері мен салдарларына тоқталды. Ол жаңа жылды мерекелеу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

«Жаңа жылдық мерекелерде халықтың көп жиналатын орындарында өрт қауіпсіздігіне ерекше назар аудару керек. Мейрамханалар, сауда орталықтары мен ойын-сауық орталықтары иелері мен қызметкерлері өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтау қажет. Бұл тек заң талаптары ғана емес, адамның өмірі мен денсаулығына жауапкершілік», – деді Дмитрий Растихин.

Облыстық полиция департаментінің өкілі пиротехникалық бұйымдарды сақтау, есепке алу, өткізу және пайдалану ережелеріне тоқталды. Ол пиротехникалық заттарды қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі туралы ескертті.

«Жаңа жылдық мерекелер кезінде пиротехникалық бұйымдардың көп қолданылатынын ескере отырып, оларды сақтаудың, тасымалдаудың және пайдалану тәртібін мұқият бақылап, тексеріп отыру қажет. Осыған байланысты барлық азаматтар мен кәсіпкерлер өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауы тиіс», – деді полиция өкілі.

Іс-шараның соңында қатысушыларға өрт қауіпсіздігіне қатысты ақпараттық материалдар таратылып, сұрақтар қойылып, нақты жауаптар алынды. Осылайша, СҚО-да өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыру және мерекелер кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында дөңгелек үстелдің маңызы зор болып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Танымал

Соңғы пікірлер