Сейсенбі, Қыркүйек 23, 2025

Петропавлдағы № 1 халықтық жаңалықтар порталы

Басты бетПетропавл және СҚО жаңалықтарыСолтүстікқазақстандық Александр Зель Президент Жолдауында айтылған «Қарызсыз қоғам» жобасының маңыздылығын атап өтті

Солтүстікқазақстандық Александр Зель Президент Жолдауында айтылған «Қарызсыз қоғам» жобасының маңыздылығын атап өтті

Қазақстан Президентінің халыққа Жолдауында халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасын жалғастыру қажеттілігі атап өтілді. «AMANAT» партиясының «Болашақ» филиалының атқарушы хатшысы Александр Зель бұл бастама адамдарға отбасылық бюджетті дұрыс жоспарлауға ғана емес, қарыздық міндеттемелер бойынша тегін құқықтық көмек алуға да мүмкіндік беретінін айтты, деп хабарлайды Social Media.

Жобаның мақсаты – азаматтарға білікті қаржылық және құқықтық көмек көрсету, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ банктік несиелер мен микрокредиттер бойынша проблемалық берешектерді реттеуге жәрдемдесу.

Президент қаржылық сауаттылық мәселесі әлі де өзекті екенін атап өтті. Ол бұл жобаны жалғастыру қажеттігін айтты, себебі ол азаматтардың қарыздық жүктемесін азайтып қана қоймай, тұрақты табыс қалыптастыруға жағдай жасайды. Бұл – халықтың өмір сүру сапасын арттыру мен елдегі экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізгі міндеттерінің бірі.

«AMANAT» партиясы бастамашы болған «Қарызсыз қоғам» жобасын жалғастыру қажет. Өткен жылы жоба аясында 845 мың адам оқытудан өтіп, құқықтық кеңес алды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Солтүстік Қазақстан облысында да бұл жобаға сұраныс жоғары. Александр Зельдің айтуынша, биылғы жылдың 8 айында «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша 7 200-ден астам адам оқудан өткен. Онлайн-курстардан бөлек, жоба аясында әртүрлі қаржылық қиындыққа тап болған адамдарға тегін құқықтық көмек көрсетіледі.

«Партиялық «Қарызсыз қоғам» жобасы әлі де өзекті әрі сұранысқа ие. Оқудан өту өте оңай – тіркеліп, онлайн-курстан өтіп, қаржылық сауаттылықты арттыруға қажетті білім алуға болады. Сонымен қатар, жоба аясында заңгерлер қарызға батқандарға тегін көмек көрсетіп, қарызды қайта құрылымдау және оған қатысты басқа да мәселелерді шешуге жәрдемдеседі», – деді «AMANAT» партиясы «Болашақ» филиалының атқарушы хатшысы Александр Зель.

Жоба қиын қаржылық жағдайда қалған азаматтарға көмектесуді және қарыздық міндеттемелерден шығу құралдарын ұсынуды жалғастырады.

Сондай-ақ оқыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Танымал

Соңғы пікірлер