Ауа райының қолайсыздығына байланысты 14 наурыз таңында Солтүстік Қазақстан облысында бірнеше республикалық және облыстық жолдар жабылды. Жүргізушілерге сапарларын алдын ала жоспарлағанда бұл шектеулерді ескеруге кеңес беріледі, СҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, Social Media хабарлайды.
Жабық республикалық трассалар:
Астана – Қостанай – РФ шекарасы (Қайрақ):
• 729-768 км (Қостанай облысының шекарасы – Тоқсан би ауылы);
• 797-856 км (Рузаевка ауылы – Ақмола облысының шекарасы).
Жезқазған – Арқалық – Петропавл:
• 595-673 км (Ақмола облысының шекарасы – Тоқсан би ауылы, Ғ. Мүсірепов ауданы).
Тимирязево – Сарыкөл – облыс шекарасы:
• 0-32 км (Ақмола облысының шекарасы – Тоқсан би ауылы).
Көкшетау – Рузаевка:
• 61-196 км (Ақмола облысының шекарасы – Рузаевка ауылы).
Қарасай батыр кесенесіне кіреберіс жол:
• 0-24 км (Саумалкөл ауылы – Қарасай батыр кесенесі).
Астана – Петропавл:
• 341-367 км (Ақмола облысының шекарасы – Келлеровка ауылы).
Көкшетау – Омбы:
• 50-85 км (Ақмола облысының шекарасы – Чкалово ауылы).
Сонымен қатар, Ғ. Мүсірепов, Шал Ақын, Тимирязев және Айыртау аудандарында 11 облыстық жол учаскесі жабық.
Жүргізушілерге жолға шығар алдында жағдайды нақтылап, алыс сапарлардан бас тартуға және көктайғақ учаскелерде сақ болуға кеңес беріледі.