Бейсенбі, Қазан 16, 2025

Петропавлдағы № 1 халықтық жаңалықтар порталы

Басты бетПетропавл және СҚО жаңалықтарыСолтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов барша тұрғындарды Халықаралық нан күнімен құттықтады

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов барша тұрғындарды Халықаралық нан күнімен құттықтады

Бүгін әлем жұртшылығы адамзат өмірінің ажырамас бөлігі, молшылық пен берекенің символы саналатын қасиетті ас – нан мерекесін атап өтуде. Бұл күн – жер емген диқанның маңдай терін, еңбек адамының қажыр-қайратын, адал еңбектің қадір-қасиетін дәріптейтін ерекше мереке, деп хабарлайды Social Media.

Нан – өмірдің мәні, еңбектің наны, елдің ырысы. Ғасырлар бойы ол адамзат өркениетінің даму жолында тіршіліктің негізі, бірліктің бастауы болып келеді. Қазақ халқы үшін нанның орны ерекше. «Ас атасы – нан» деп қадір тұтқан халқымыз әрбір түйір дәнге құрметпен қарап, оны дастарханның төріне қойған. Себебі нан – жер-ананың мейірін, диқанның еңбегін, елдің берекесін бойына сіңірген киелі ас.

Солтүстік Қазақстан облысы – еліміздің ауыл шаруашылығы саласында жетекші рөл атқаратын өңірлердің бірі. Құнарлы топырақ пен қолайлы табиғи жағдай, заманауи технологиялар мен қажырлы еңбектің арқасында өңір диқандары жыл сайын ел қамбасын астыққа толтырып, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен үлес қосып келеді. Бұл – біздің жерлестеріміздің табанды еңбегі мен өз ісіне деген адалдығының айғағы.

Осы мерейлі күні облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ауыл шаруашылығы саласының барлық өкілдеріне – аграрийлерге, механизаторларға, наубайшылар мен өңдеу саласының мамандарына шынайы алғысын білдірді. Аймақ басшысы олардың еңбегін ел дамуының, халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс тұрақтылығының негізі деп атап өтті.

Сондай-ақ әкім еңбек адамдарына құрмет білдіре отырып, бұл мерекенің тек кәсіп иелеріне ғана емес, барша халыққа ортақ екенін айтты. Өйткені нан – әр отбасының дастарханында бар, ал ол – бейбіт өмір мен еңбектің жемісі.

Аймақ басшысы барша солтүстікқазақстандықтарға мықты денсаулық, отбасыларына амандық пен шаттық, еңбекте табыс, береке мен бірлік тіледі.

Сондай-ақ оқыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Танымал

Соңғы пікірлер