Бейсенбі, Маусым 12, 2025

Петропавлдағы № 1 халықтық жаңалықтар порталы

Басты бетПетропавл және СҚО жаңалықтарыСолтүстікқазақстандықтардың 64 мыңы жазғы демалыстың түрлі түрлерімен қамтылады

Солтүстікқазақстандықтардың 64 мыңы жазғы демалыстың түрлі түрлерімен қамтылады

Жақында мектеп оқушыларының көптен күткен жазғы демалысы басталады. Солтүстік Қазақстан облысында 1-10 сынып оқушыларының 95% -ға жуығы немесе 64 мың бала жазғы демалыс пен жұмыспен қамтылатын болады, деп хабарлайды Social Media.

Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар облыс әкімдігінде талқыланды. Аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов балалар мен жасөспірімдерді жазғы демалыспен қамтамасыз етудің кешенді тәсілінің маңыздылығын атап өтті.

“Әр баланың жазды пайдалы, қауіпсіз және жақсы көңіл-күйде өткізуі маңызды. Біздің басты міндетіміз – сапалы, толыққанды және қауіпсіз демалысты қамтамасыз ету”, – деп атап өтті өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов.

Бұл міндетті іске асыру үшін облыста қала сыртындағы, мектеп жанындағы, шатырлы және киіз үй лагерлері, сондай-ақ спорт секциялары жұмылдырылады. Жазғы демалысты ұйымдастыруға 6 мың педагог тартылды.

“Егер өткен жылы қала сыртындағы лагерьлерде 5,8 мың бала демалса, биыл қамтуды 6,2 мыңға дейін арттыру жоспарлануда. Мектептер жанында 424 алаңдар жұмыс істей бастайды, онда 58 мың оқушы шұғылданады. Демалыс бағдарламалары 4 бағытты қамтиды: еңбек, спорттық-туристік, шығармашылық және зияткерлік”, – деп хабарлады мамандар.

Бұдан басқа, лагерьлердің инфрақұрылымын жаңарту жалғасуда. 5 нысанды жөндеуге 393 миллион теңге бөлінді. Сондай-ақ, отырыс барысында тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ерекше балаларға және дарынды оқушыларға ерекше көңіл бөлінетіні атап өтілді.

Сондай-ақ оқыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Танымал

Соңғы пікірлер