4 ақпанда жыл сайын Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні атап өтіледі. Соңғы мәліметтер бойынша Солтүстік Қазақстан облысында 11,5 мың адам есепте тұр. 2025 жылдың бірінші айында онкологиядан 56 науқас қайтыс болды, деп хабарлайды Social Media.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы елімізде обырға шалдығу бойынша 2-орынды иеленді. Шығыс Қазақстан облысы көш бастап, үштікті Қарағанды облысы тұйықтады. Мамандардың мәліметінше, біздің өңірде онкологиялық аурулардың саны бойынша сүт безі обыры көш бастап тұр, одан кейін өкпе обыры мен колоректальды обыр келеді.
2024 жылы барлығы 511 солтүстікқазақстандықтың өмірін қиды. Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні аурулар туралы хабардарлықты арттыруға, науқастарды қолдауға және алдын алу шараларын ілгерілетуге бағытталған. Ол ерте диагностиканың маңыздылығын, емдеудің қолжетімділігін және тұрақты медициналық тексерудің маңыздылығын еске салады. Мамандар солтүстікқазақстандықтарды өз денсаулықтарына аса мұқият болуға, тексеруден өтуге және алғашқы дабыл белгілері пайда болғанда дәрігерге баруды кейінге қалдырмауға шақырады. Ерте диагностика сәтті емделу және сауығу мүмкіндігін едәуір арттыратынын есте сақтау маңызды.