Сейсенбі, Қазан 14, 2025

Петропавлдағы № 1 халықтық жаңалықтар порталы

Басты бетПетропавл және СҚО жаңалықтарыСолтүстік Қазақстан облысында 20 басым спорт түрі анықталды

Солтүстік Қазақстан облысында 20 басым спорт түрі анықталды

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі республикалық деңгейдегі 46 басым спорт түрінің тізімін бекітті. Соның негізінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы өңірде спортты дамытуға бағытталған 20 басым спорт түрін айқындады, деп хабарлайды Social Media.

Басым спорт түрлерін анықтау барысында өңірдің климаттық ерекшеліктері, инфрақұрылымның дамуы, материалдық-техникалық база, спорт мектептері мен резервтердің болуы, сондай-ақ солтүстікқазақстандық спортшылардың халықаралық деңгейдегі жетістіктері ескерілді.

Мұндай тәсіл Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық, Азия және Параазиялық ойындарға дайындыққа назар аударуға, ресурстарды тиімді және ашық бөлуге, сондай-ақ өңірдің нақты мүмкіндіктеріне сәйкес спортты дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл тізім кадрлық әлеуетті нығайтуға, жасөспірімдер резервін қолдауға және спорт инфрақұрылымын жүйелі түрде дамытуға бағытталған маңызды құрал болмақ.

Солтүстік Қазақстан облысының басым спорт түрлерінің тізіміне қысқы, жазғы және ұлттық спорт түрлері енгізілді.

Қысқы спорт түрлеріне биатлон, коньки спорты, шайбалы хоккей және шаңғы спорты кіреді.

Жазғы спорт түрлеріне бокс, баскетбол, велоспорт, жеңіл атлетика, күрес түрлері және су спорты түрлері жатады.

Ұлттық спорт түрлеріне аударыспақ, асық ату, бәйге, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, жекпе-жек, көкпар, қазақ күресі, құсбегілік, теңге ілу және тоғызқұмалақ енгізілді.

Ұлттық спорт түрлерін дамыту мәдени мұраны сақтау мен ұлттық дәстүрлерді нығайтудың маңызды бөлігі ретінде қарастырылады. Бұл спорт түрлері патриотизмді тәрбиелеуге, салауатты өмір салтын насихаттауға және жастарды дене белсенділігіне тартуға ықпал етеді.

Өңірлік басым спорт түрлерінің тізімдері жыл сайын спорттық нәтижелердің серпініне, халықаралық бағдарламалардағы өзгерістерге және жаңа спорт бағыттарының пайда болуына қарай қайта қаралып отырады. Тізімге енбеген спорт түрлері бұқаралық спорт бағыты бойынша дамытылады.

Басым спорт түрлерінің өңірлік тізімдерін қалыптастыру – Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі жүзеге асырып жатқан, жаңартылған «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заң аясындағы кешенді реформаның бір бөлігі. Реформа саланы басқарудың тиімділігін арттыруға, жоғары жетістіктер спортын дамытуға, кадрлық және материалдық-техникалық әлеуетті нығайтуға, сондай-ақ спортшыларды даярлаудың заманауи жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Танымал

Соңғы пікірлер