15–22 тамыз аралығында Солтүстік Қазақстан облысында ауа райы құбылмалы болады. Синоптиктердің болжамынша, аймақтың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл тұруы мүмкін, деп хабарлайды Social Media.
16 тамыз күні облыстың шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, ал батысында және оңтүстігінде қатты жауын-шашын, бұршақ пен дауыл болжануда. Түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Ауа температурасы түнде +9…+14 °C, күндіз +18…+23 °C шамасында болады.
17–18 тамызда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Солтүстік пен шығыста – қатты жауын-шашын, бұршақ, дауыл ықтималдығы жоғары. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін. Түнде +8…+15 °C, күндіз +16…+23 °C.
19 тамызда облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады. Температура түнде +10…+15 °C, күндіз +20…+25 °C дейін көтеріледі.
20 тамызда облыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде +12…+17 °C, күндіз +23…+28 °C.
21–22 тамызда қайтадан жаңбыр мен найзағай күтіледі. Кейбір аудандарда қатты жауын-шашын, бұршақ, дауыл болжануда. Ауа температурасы түнде +8…+15 °C, күндіз +18…+23 °C болады.
Мамандар тұрғындарға ауа райының қолайсыз құбылыстары кезінде сақтық шараларын сақтауды ескертеді. Әсіресе, қатты жаңбыр мен дауыл кезінде ашық алаңда болмауға, ал автокөлік жүргізушілеріне жолда барынша мұқият болуға кеңес беріледі.