18 шілде күні сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Солтүстік Қазақстан облысында азаматтарды денсаулық сақтау мәселелері бойынша қабылдау ұйымдастырылады. Іс-шара Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі тапсырмасы аясында өтеді, Social Media деп хабарлады.
Қабылдауды облыс әкімінің орынбасары Рустем Құрманов, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары жүргізеді.
Азаматтарды қабылдау Қазақстан Конституциясы көшесі, 58А мекенжайындағы облыс әкімдігі жанындағы Азаматтарды қабылдау орталығында өтеді.
Кез келген тұрғын денсаулық сақтау саласына қатысты сұрақтар бойынша кеңес ала алады немесе жеке мәселесін тікелей сала жетекшілеріне жеткізе алады.
Іс-шара туралы толық ақпаратты 32-03-65 телефоны арқылы алуға болады.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты