Сәрсенбі, Шілде 16, 2025

Петропавлдағы № 1 халықтық жаңалықтар порталы

Басты бетПетропавл және СҚО жаңалықтарыСолтүстік Қазақстан облысында сумен жабдықтау жүйесін дамытуға 74 млрд теңге бөлінді

Солтүстік Қазақстан облысында сумен жабдықтау жүйесін дамытуға 74 млрд теңге бөлінді

Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысындағы ауыл тұрғындарының 97,5%-ы немесе 257 мың адам тұратын 502 елді мекен орталықтандырылған таза ауыз сумен қамтылған. Алайда, 88 ауылда әлі де тұрақты су желісі қажет, деп хабарлайды Social Media.

 Мемлекет басшысының халықты 100% ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында 37 ауылда су құбырларын тарту жұмыстары аяқталмақ. Сонымен қатар, топтық су құбырлары салынып, 46 ауылда кешенді блок-модульдер орнатылады.

Бұл жобаларды іске асыру үшін Үкіметтің қолдауымен 74 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 45 млрд теңгесі – арнайы мемлекеттік қордан бағытталған.

Облыс әкімдігінде өткен жиын қорытындысы бойынша облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тиісті мемлекеттік органдар мен мердігер ұйымдарға бөлінген қаражаттың тиімді әрі мақсатты пайдаланылуын, жобалардың уақытылы аяқталуын және олардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Танымал

Соңғы пікірлер