Сейсенбі, Қазан 21, 2025

Петропавлдағы № 1 халықтық жаңалықтар порталы

Басты бетПетропавл және СҚО жаңалықтарыСолтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыс тұрғындарымен бірге балаларға арналған «Тұсау...

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыс тұрғындарымен бірге балаларға арналған «Тұсау кесу» рәсімін өткізді

Петропавл қаласында Республика күні қарсаңында мейірім мен мәнге толы игі дәстүр – жаппай «Тұсау кесу» рәсімі өтті, деп хабарлайды Social Media.

Іс-шараға облыстың құрметті азаматтары, ардагерлер, қоғам қайраткерлері мен ақсақалдар қатысты. Оларды Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов бастап келді. Қатысушылар бала үйінің тәрбиеленушілерінің тұсауын кесіп, сәбилерге бақытты өмір мен жарқын болашақ тіледі.

Ежелден келе жатқан «тұсау кесу» дәстүрі – баланың өмір жолындағы алғашқы қадамын бейнелейтін символдық ғұрып. Ол ізгілікке сенімді, сәттілік пен берекеге деген үмітті білдіреді. Бүгінде бұл көне салт ұлттар мен ұрпақтарды біріктіріп, Қазақстан халқының достығы мен бірлігінің көрінісіне айналған.

Республика күні қарсаңында өткен бұл рәсім ел бірлігі мен тәуелсіздік рухын дәріптеді.

Жиналғандар алдында сөз сөйлеген облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов дәстүр мен рухани мұраны сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Ол биыл Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданғанына 35 жыл толғанын еске салды.

«Республика күні қарсаңында бүлдіршіндерге «тұсау кесу» рәсімін өткізу – ерекше мәнге ие. Бұл олардың өмірдегі алғашқы қадамы. Бүгін бізбен бірге өңірдің дамуына зор үлес қосқан құрметті азаматтар бар. Осындай игі дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, балаларымыздың болашағы жарқын болсын», – деді аймақ басшысы.

Қатысушылардың қошеметімен сәбилер алғашқы қадамдарын жасады. Дәстүр бойынша әр бала өз болашағын білдіретін затты таңдады: бірі кітапқа, бірі домбыраға қол созды. Бұл сәт ересектердің де, балалардың да жүрегін жылытқан әсерлі көрініске айналды – өйткені дәл осындай сәттерден арманға апарар жол басталады.

Құрметті қонақтар қатарында өңірдің белгілі тұлғалары мен еңбек ардагерлері болды: Ескендир Елеусізов, Жангелді Тәжин, Тілек Абдрахманов, Раиса Полещук, бокстан әлем чемпионы Наталья Богданова және Қымбат Исманова.

Еңбек ардагері, Қазақ КСР ағарту ісінің үздігі Қымбат Есмуқанқызы Исманова өз әсерімен бөлісті:

«Менің өмірім балалармен және мектеппен тығыз байланысты. Әр бала үшін бұл рәсімнің маңызы зор. Ізгі, еңбекқор, мейірімді үлкен адамның батасын алу – баланың өмір жолындағы ең алғашқы жарық сәуле», – деді ол.

Шараға бала үйінің жеті тәрбиеленушісі қатысты. Мекеменің аға тәрбиешісі Наталья Кривошеева атап өткендей, бүгінде үйде 21 бала тұрады, ал күндізгі топта тағы 24 бала тәрбиеленуде.

«Биыл біздің бала үйінің құрылғанына 100 жыл толып отыр. Біз балаларға барынша жылы, жайлы және қамқор орта қалыптастыруға тырысамыз. Олармен педагогтар, медицина қызметкерлері және дәрігерлер жұмыс істейді. Ал бүгінгі «тұсау кесу» – олардың өміріндегі алғашқы және ерекше оқиға», – деді Наталья Анатольевна.

Рәсім соңында дәстүрлі «шашу» шашылып, ақ тілектер айтылып, балаларға сыйлықтар табысталды. Атмосфера шаттық пен мейірімге толы болды – бұл күн ізгілік пен ұрпақ сабақтастығының, әрбір қазақстандық баланың махаббат пен қамқорлықта өсетініне деген сенімнің нышанына айналды.

Сондай-ақ оқыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Танымал

Соңғы пікірлер