Солтүстік Қазақстан облысында өткен жылдың қорытындысы бойынша машина жасау кәсіпорындарының тапсырыс көлемі 20%-ға өсіп, 262,6 миллиард теңгені құрады. Ең көп өндіріс көлемі жолаушылар вагондары мен платформа вагондарын жасаумен айналысатын «ЗИКСТО» ЖШС-де артты, деп хабарлайды Social Media.
Кәсіпорын 122 жолаушылар вагонын және 594 платформа-вагонын өндірді. 2024 жылы өсім 28,9%, ал өндіріс көлемі 109 миллиард теңгені құрады. Айта кету керек, Солтүстік Қазақстан облысында жасалған вагондар бүкіл ел бойынша жүреді. Ағымдағы жылы өндірісті ұлғайту жоспарланған. Кәсіпорын 150 вагон мен 2 200 платформа-вагон шығаруға ниетті.
Өңірде ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі де белсенді жүргізілуде. Солтүстік Қазақстан облысында «Авагро» ЖШС – араластырғыш кешендер мен сұйық тыңайтқыштар енгізуге арналған тіркемелі машиналардың ауыл шаруашылығы тіркемелі және өздігінен жүретін бүріккіштерін шығаратын Қазақстандағы жалғыз зауыт өз қызметін жүзеге асырады. Өнімдегі қазақстандық қамту үлесі 70% -ды құрайды. Еліміздің ауыл шаруашылығы алқаптарының 60% астамы химиялық өңдеу кезінде компанияның бүріккіштерін пайдаланады.
Нарықта сондай-ақ неміс-қазақстандық кәсіпорын CLAAS және HORSH – «СТЭссембли» ЖШС-де жиналған ауыл шаруашылығы техникасы да танымал. Зауыт астық жинайтын комбайндар, дестелегіштер, тракторлар және егіс кешендерін шығарады.
Облыста жаңа инвестициялық жобалар да белсенді жүзеге асырылуда. Мысалы, «ҚазТехМаш» ЖШС тракторлар мен астық жинайтын комбайндар шығаратын зауыт іске қосылды. Инвестиция сомасы 3 миллиард теңгені құрады. 85 жұмыс орны құрылды. Кәсіпорын өндірістік алаңдарды кеңейту есебінен қуаттылығын жылына 500 бірлікке дейін арттыруды жоспарлап отыр.
«REIMANN» неміс компаниясының тіркемелі ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын зауыт инвестициясының сомасы 1,5 миллиард теңгені құрады. Жобаның қуаттылығы жылына 150 бірлік техника. 75 жұмыс орнын құрдық”, – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Дархан Әмрин.
Айта кету керек, облыста күш құрылымдары мен құқық қорғау органдарының қажеттіліктері үшін мемлекеттік қорғаныс тапсырысымен айналысатын кәсіпорындар да жұмыс істейді. «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ және «ПЗТМ» АҚ жыл сайын өндіріс көлемін ұлғайтып, жаңа шарттар жасасады.
2024 жылы Солтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп секторы 705,2 миллиард теңге сомасына өнім шығаруды қамтамасыз етті. Өңдеу өнеркәсібі саласында өндіріс көлемі 598,6 миллиард теңгені құрады. 235,5 миллиард теңгеге өңдеу өнеркәсібі көлемінің 40% -ын құрайтын машина жасау саласы өнім шығарды. Бұл салада жыл сайын оң серпін байқалады – соңғы 3 жылда орташа өсім 24,5% -ды құрады.
Жалпы алғанда, Солтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп секторы табысты дамып келеді. Өндіріс көлемін арттыру, инвестициялық жобаларды іске асыру және тапсырыстардың өсуі өңір экономикасына елеулі үлес қосады.