Облыс әкімінің өкімімен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен келісім бойынша, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып Карлыгаш Асетқызы Рамазанова тағайындалды, деп хабарлайды Social Media.
Карлыгаш Рамазанова 1983 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Амангелді ауылында дүниеге келген. 2004 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, ал 2025 жылы Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2004 жылы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың спорттық пәндер кафедрасында оқытушы болып бастаған. Спорт саласында мол тәжірибесі бар. Бұған дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне қарасты Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы директорының орынбасары қызметін атқарған.