Солтүстік Қазақстан облысында 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму байқалды. Бұл туралы облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен өткен әкімдік отырысында мәлім болды, деп хабарлайды Social Media.
Жартыжылдық қорытындысы бойынша өңір экономикасының өсімі 11,8%-ды құрады. Бұл көрсеткіш негізгі салалардағы белсенді жұмыс пен оң серпіннің нәтижесі:
- Құрылыс көлемі 26,7%-ға артты
- Сауда саласында өсім – 9,7%
- Өңдеу өнеркәсібінде – 18,2%
- Ауыл шаруашылығы – 6,3%
- Тұрғын үйді пайдалануға беру – 7,6%
- Инвестиция көлемі – 19,6%-ға ұлғайды
Кеңес соңында облыс әкімі жауапты басқармалар мен мекемелерге нақты міндеттер жүктеді. Атап айтқанда, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуын жүйелі бақылауда ұстау, жаңа инвесторларды тарту ісін күшейту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жол және құрылыс салаларындағы жобаларды мерзімінде әрі толық игеруді қамтамасыз ету тапсырылды.