Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша айыпталушы П. азаматына қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Ер адам кәмелетке толмаған баланы асырап-бағуға алимент төлеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Social Media.
Сот П. алимент төлеу жөніндегі өз міндеттемелерін біліп және оларды орындауға нақты мүмкіндігі бола тұра, үш айдан астам қарызды өтеу үшін ешқандай шара қолданбағанын анықтады. Нәтижесінде қарыз сомасы 2 766 387 теңгені құрады.
Бұрын сотталушы рақымшылыққа байланысты осындай құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылған болатын, бірақ өзі үшін қорытынды жасаған жоқ. Сонымен қатар, сот П. алимент төлеуден жалтарып қана қоймай, баламен байланыс жасамағанын, ата-ана міндеттерін атқармағанын, баланың денсаулығы мен тағдырына қызығушылық танытпағанын атап өтті.
П. өзінің кінәсін толық мойындады, айыптауды дауламады және бас бостандығынан айыруды бас бостандығын шектеумен ауыстыруды өтінді.
Тұрғылықты жері бойынша теріс мінездемені, сондай-ақ құқық бұзушылықтың қайталануын ескере отырып, сот П.
Еске салайық, ҚР ҚК 139-бабының санкциясында 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру сияқты жазалардың түрлері көзделген.
Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Солтүстік Қазақстан облысы алимент төлеуден жалтару проблемасы өзекті болып отырған өңір болып қалуда. Құқық тәртiбi органдары ата-аналарға олардың балалар алдындағы жауапкершiлiгi мен алимент мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн зардаптары туралы ескертедi.