Жақында Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика органдарының қызметкерлері өз кәсіби мерекесін атап өтті. Биыл елдің статистикалық қызметі өзінің құрылғанына 105 жыл толуын тойлап отыр. Осыған орай Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ұлттық статистика бюросының Департаменті өз жұмысы, қызметкерлері және олардың жетістіктері туралы айтып берді, деп хабарлайды Social Media.

Аймақтағы мемлекеттік статистика органдарында қазіргі таңда жүзден астам адам еңбек етеді. Олардың басым бөлігі – әйелдер, олардың үлесі 89%-ды құрайды. Отыздан астам маман осы салада 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесіне ие.
Көптеген қызметкерлер мемлекеттік наградалармен марапатталған, ал 39 адам «Статистика үздігі» төсбелгісіне ие болған. Өткен жылы бұл награда Людмила Александровна Балгаринға берілді.

Людмила Александровна статистика органдарында 2008 жылы өз кәсіби қызметін бастады. Сол кезде ол Халық санағы кезінде жоғары біліктілікті маман ретінде қабылданған. 2009 жылғы 1 наурызда мемлекеттік қызметке өтіп, қорытынды жұмыстар бөлімінің жетекші маманы лауазымын иеленді. 2018 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Людмила Александровна Құрылымдық статистика басқармасын басқарады.
2015 жылғы қыркүйекте ол Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Статистика» мамандығы бойынша магистратурасына түсті және 2016 жылы оны сәтті аяқтады. Кәсіби білімін жетілдіруді жалғастыра отырып, 2020 жылы сол академияның «Экономика» бағыты бойынша докторантурасына түсті және қазіргі уақытта докторлық диссертациясын қорғауға дайындалып жатыр. Жоғары кәсіби шеберлігі мен салаға қосқан елеулі үлесі үшін 2024 жылы Людмила Александровна «Статистика үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Қызметкерлер арасында 20–30 жылдан астам уақытын осы салаға арнаған нағыз ардагерлер бар. Нұрғалиева Жұлдыз Керееевна – 20 жылдан астам мемлекеттік қызмет тәжірибесі бар тәжірибелі басшы. Қазіргі уақытта ол Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшы орынбасары болып қызмет атқарады.
Жұлдыз Нұрғалиева 2004 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Ақпараттық-статистикалық орталығының аға маманы лауазымынан өз кәсіби жолын бастады. Жоғары біліктілігі мен бастамашылдығының арқасында 2012 жылы ол Солтүстік Қазақстан облысы статистика департаментінің құқықтық қамтамасыз ету және статистикалық процестерді дамыту басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл лауазымда Жұлдыз Керееевна құқықтық сүйемелдеу, статистикалық процестерді дамыту, құжат айналымын ұйымдастыру және Департамент жұмысына заманауи басқару тәсілдерін енгізу мәселелерін сәтті басқарды.
2020 жылғы шілдеде Жұлдыз Керееевна Нұрғалиева Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті Солтүстік Қазақстан облысы статистика департаментінің басшы орынбасары болып тағайындалды. Өз кәсібилігі, көшбасшылық қасиеттері мен жоғары жауапкершілігінің арқасында Жұлдыз Кереевна ұлттық статистика жүйесінде негізгі реформаларды жүзеге асыруға бірнеше рет қатысқан. Оның басшылығымен бизнес-процестер жетілдіріліп, статистикалық деректердің сапасы мен барлық мүдделі тараптармен өзара әрекет деңгейі артты.
«Оның басшылығымен 2021 жылғы Халық санағы мен әлеуметтік- тұрмыстық саладағы ауқымды зерттеулер өңірде сәтті өткізілді. Қызметіне адалдығы мен мемлекеттік статистиканы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ол «Статистика үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Әріптестері оның принципшілдігін, кәсібилігін, тиімді командалық жұмыс ұйымдастыра білетінін және дұрыс басқарушылық шешімдер қабылдайтынын атап өтеді. Ол жас мамандардың дамуын белсенді қолдайды, тәжірибесімен бөліседі және жетілуге ұмтылуды ынталандырады. Қазіргі таңда Нұрғалиева Жұлдыз Кереевна өңірлік статистикалық жүйені нығайтып, Ұлттық статистика бюросының стратегиялық тапсырмаларын іске асыруға өз үлесін қосып келеді», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
105 жыл ішінде мемлекеттік статистика қол еңбегінен цифрлық платформалар мен онлайн есеп беруге дейінгі жолды өтті. Қазіргі таңда мемлекеттік статистикалық есеп берудің дерлік барлығы электрондық түрде Департаментке ұсынылады. Респонденттерге Ұлттық статистика бюросының көпфункциялы веб-порталы арқылы есеп беруді онлайн режимінде жасауға мүмкіндік бар. Статистикалық деректерді электрондық түрде ұсынуға көшу респонденттердің жүктемесін едәуір азайтты, уақыт үнемдеуге, есептерді базаға сақтауға және арифметикалық, логикалық тексерістерді өз бетінше жүргізуге мүмкіндік берді.
Бүгін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ұлттық статистика бюросының Департаменті мемлекеттік органдарды, өңірдің іскерлік орта мен қоғамын әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі объективті статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етуді жалғастыруда. Сонымен қатар, Департамент өңірде статистикалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты бақылау және қадағалау функцияларын орындайды.

