Солтүстік Қазақстанда 1–8 тамыз аралығында ауа райы тұрақсыз және күрт өзгермелі болады. Апта бойы облыс аумағында жаңбыр, найзағай, күшті жел, кей жерлерде бұршақ пен дауыл күтіледі, деп хабарлайды Social Media.
2 тамызда батыс, солтүстік және оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен найзағай болады. Шығыста бұршақ жауып, дауыл соғуы ықтимал. Таңертеңгі уақытта тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Түнгі ауа температурасы 14–19°C, күндіз 21–26°C.
3 тамызда солтүстік пен шығыста найзағайлы жаңбыр күтіледі. Оңтүстікте және шығыста тұман сақталады. Жел күшейіп, кей жерлерде 20 м/с-қа жетеді. Түнде 8–13°C, күндіз 18–23°C жылы болады.
4 тамызда жауын-шашынсыз тыныш ауа райы орнайды. Таңертең оңтүстік пен шығыста тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде 5–10°C, күндіз 15–20°C шамасында.
5 тамызда күндіз солтүстік пен шығыста қайтадан найзағайлы жаңбыр жауады. Түнгі температура 5–10°C, күндіз 20–25°C.
6 тамызда облыстың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғып, екпіні 28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Түнде 10–15°C, күндіз 23–28°C жылы.
7 тамызда жауын күшейіп, кей аймақтарда бұршақ пен дауыл болуы ықтимал. Солтүстік пен батыста қатты жаңбыр жауады. Жел екпіні 28 м/с-қа жетеді. Температура түнде 10–15°C, күндіз 20–25°C.
8 тамызда да ауа райы тұрақсыз болады. Солтүстік пен шығыста қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Жел күшті, екпіні 28 м/с. Ауа температурасы түнде 10–15°C, күндіз 20–25°C жылы.