Дүйсенбі, Наурыз 17, 2025

Петропавлдағы № 1 халықтық жаңалықтар порталы

Басты бетПетропавл және СҚО жаңалықтарыСолтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарының ақындары жекпе-жек айтыс өткізді

Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарының ақындары жекпе-жек айтыс өткізді

Өңірде Ұлыстың ұлы күніне орай «Береке басы – Наурыз» атты республикалық командалық айтыс өтті. СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың құттықтау хатын облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов оқыды, деп хабарлайды Social Media.

Аламан додада СҚО мен Шығыс Қазақстан облыстарының ақындары мен әнші-жыршылары өз өнерін ортаға салды.

Аламан айтысты ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Аманжол Әлтай жүргізді. Командалық айтысқа Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман бастаған топ қазылық етті. Сондай-ақ қазылар қатарында  танымал айтыскер ақын Серік Қалиев, Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі Рига Онаева, жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алмас Алматов, ҚР еңбек сіңірген әртісі Тұрар Әліпбаев, әнші,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айтбек Нығызбаев бар.

Айтыстың қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы үздік шығып, республикалық командалық айтыстың екінші кезеңіне жолдама алды. Келесі турда біздің команда Астана командасымен жарысады.

Сондай-ақ оқыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Танымал

Соңғы пікірлер