10 қазан күні Петропавл қаласындағы А. Винокуров атындағы спорт сарайында «Спорт терроризмге қарсы» атты мини-футболдан турнир өтті, деп хабарлайды Social Media.
Бұл маңызды шараның басты мақсаты – жастарды бейбітшілік пен өзара түсіністік рухында тәрбиелеу, экстремизм мен терроризмнің кез келген түріне қарсы тұруға шақыру.
Сағат таңертеңнен бастап сарай ішінде ерекше атмосфера орнады: спорт залы әсем безендіріліп, көңілді музыка ойнады, ал қатысушылар мен көрермендер үлкен мерекенің басталуын асыға күтті.
Турнирдің ашылуы әсерлі флешмобпен басталды. Жастар бар дауыспен: «Біз терроризмге қарсымыз! Терроризмге жол жоқ!» – деп ұрандатты. Бұл сөздер бүкіл іс-шараның басты ұранына айналды – бейбіт өмірдің, бірліктің және татулықтың нышаны болды.
Жарысқа Петропавл қаласының діни бірлестіктері, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, облыстық полиция департаменті және спорт-интернат колледжінің құрамалары қатысты.
Әр команда алаңға достық пен спорт рухын паш ету үшін шықты. Ойындар өте тартысты өтті. Көрермендер қызу қолдау көрсетіп, әр гол қуаныш пен шаттыққа бөледі. Ойыншылар өздерінің шеберлігін, ерік-жігерін және жеңіске деген ұмтылысын танытты.
Үзіліс кезінде көрермендерге каратэ, кикбоксинг және тай боксы бойынша көрсетілімдер ұсынылды. Бұл спорттық нөмірлер мерекенің көркіне айналып, күш пен сұлулықтың үйлесімін көрсетті.
Жарыс соңында үздіктер мен жүлдегерлер кубоктармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Арнайы номинациялар да өз иелерін тапты. Турнирдің жабылуында жүргізушілер қатысушыларға еске салды:
«Біз әртүрлі салаларда жұмыс істейміз, әртүрлі тілде сөйлейміз, бірақ бәрімізді біріктіретін бір мақсат бар – бейбіт өмір сүру. Біз терроризмсіз болашақты таңдаймыз!»
Акцияның басты идеясы айқын болды спорт адамдарды біріктіреді!
Бұл күн достықтың, ізгіліктің және өзара құрметтің нағыз мерекесіне айналды. Спорт – тек күш пен жарыс емес, ол адамдарды жақындастыратын көпір.