Сейсенбі, Қараша 25, 2025

Петропавлдағы № 1 халықтық жаңалықтар порталы

Басты бетПетропавл және СҚО жаңалықтарыТимирязев ауданының экономикасына 8,6 млрд теңге инвестиция тартылды

Тимирязев ауданының экономикасына 8,6 млрд теңге инвестиция тартылды

Тимирязев ауданының әкімі Ерлан Жаров брифинг барысында өңірдің дамуы, атқарылған жұмыс және алдағы жоспарлар туралы айтып берді. Ол өз сөзінде ауданның басым бағыттарының бірі – инвестиция тарту екенін атап өтті. 2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша инвестиция көлемі 8,6 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 119,9%-ды құрады, деп хабарлайды Social Media.

Агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін арттыру да негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Осы жұмыстың аясында ауданда еңбек өнімділігін арттыруға және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын көбейтуге басымдық беріліп отыр.

«Еңбек өнімділігін арттырудың негізгі факторларының бірі – саланы техникалық жаңғырту. Жыл басынан бері жалпы құны 2,7 млрд теңгені құрайтын 201 бірлік техника мен қосалқы жабдық сатып алынды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен сапасын арттыру үшін 2025 жылы аудан аграрийлері 19,5 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 мың тоннаға артық», – деді Ерлан Жаров.

Тұрақты дамудың негізгі бағыттарының бірі – тұрғын үй-коммуналдық және су инфрақұрылымын жаңғырту. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарының көлемі 4 млрд теңгені құрады. Халықты үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін Тимирязево ауылында құны 692 млн теңге болатын электр желісін салу жұмыстары басталды, оны келесі жылы аяқтау жоспарлануда.

«Басты міндеттердің қатарында – көлік инфрақұрылымын дамыту. 2025 жылы аудандық маңызы бар жолдарды орташа жөндеудің 3 жобасы аяқталды: «Москворецкое ауылына кіреберіс», «Тимирязево–Целинное» және «Октябрьское–Ишимское» жалпы ұзындығы 28 км. Бұған 1 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды. Биыл Дмитриев ауылдық округінде ұзындығы 6,2 км болатын ішкі ауыл жолдарын орташа жөндеу жұмыстары басталды, жалпы құны – 263 млн теңге. Сондай-ақ биыл Тимирязево ауылында су құбыры желілері мен құрылыстар алаңдарын және Мичурино ауылында тарату желілерін салу жұмыстары басталды. Жобалардың жалпы құны – 1,1 млрд теңге», – деді әкім.

Ауданда көгалдандыру мен экологиялық жағдайды жақсартуға ерекше көңіл бөлінеді: 13 мың ағаш және 5 мың бұта отырғызылды. 11 спорт және балалар алаңында жөндеу жүргізілді, 255 көше шамы ауыстырылды.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту ұлттық жобасы аясында Тимирязев ауданында Акжан, Докучаево және Мичурино ауылдарында 3 медициналық пункт салынды және пайдалануға берілді. Сонымен қатар биыл аудандық аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді», – деп хабарлады спикер.

1 қарашаға қарай ауданда 295-тен астам тұрақты жаңа жұмыс орны құрылды. Жұмыс берушілердің сұранысы бойынша 10 адам кәсіби оқуға жіберілді.

«Тимирязев ауданының мәдениет мекемелер желісі 34 нысаннан тұрады, олардың қатарында аудандық Мәдениет үйі, 17 кітапхана және 16 клуб бар. Соңғы екі жылда ауданда үш мәдени-сауықтыру орталығы ашылды. Ауылдардың мерейтойлық даталары да маңызды оқиға болды: биыл үш елді мекен – Целинное (70 жыл), Акжан (90 жыл) және Интымак (95 жыл) мерейтойларын атап өтті. Біз сондай-ақ IT-орталығын құру және ашу бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Ол цифрлық дағдыларға, бағдарламалауға және жаңа технологияларды игеруге арналған заманауи кеңістікке айналып, жастар мен қызығушылық танытқан азаматтарға өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді», – деді әкім.

Тимирязев ауданында спорт кластері де дамып келеді. Соңғы 3 жылда 5 мини-футбол алаңы салынды. Биыл Докучаево ауылында көпфункционалды ашық хоккей корты пайдалануға берілді, ол жазда балаларға футболмен де айналысуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Танымал

Соңғы пікірлер