Қала әкімінің өкімімен Серік Мұхамедиев Петропавл қаласы әкімінің құрылыс және жедел мәселелер жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Қызметіне Сергей Владимирович Мелехов кірісті, деп хабарлайды Social Media.
Сергей Владимирович 1987 жылы 15 қазанда СҚО Аққайың ауданы Смирново ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де «Дене шынықтыру және спорт» мамандығын, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Электр энергетигі» мамандығын меңгерген.
Еңбек жолын Сергей Мелехов 2007 жылы коньки тебу спортынан нұсқаушы-спортшы ретінде бастаған. Әр жылдары СҚО әкімдігінің ведомстволық бағынысты мекемелерінде «Астанаэнергосервис» АҚ техникалық бақылау және жобаларды басқару инженері болып жұмыс істеді.
Осы уақытқа дейін Сергей Владимирович СҚО әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарған. 2024 жылғы су тасқыны кезеңінде Хромзавод шағын ауданының жедел штабын басқарды.