Жексенбі, Ақпан 23, 2025

Петропавлдағы № 1 халықтық жаңалықтар порталы

Басты бетПетропавл және СҚО жаңалықтарыЖалған сенсация: Сергеев су торабы қауіпсіз жағдайда

Жалған сенсация: Сергеев су торабы қауіпсіз жағдайда

Әлеуметтік желілерде Сергеев су торабының төгілмелі жиегінде жарықтың пайда болғаны туралы бейнежазба таралуына байланысты, «Қазсушар» РМК Солтүстік Қазақстан филиалы ресми түрде мәлімдейді: гидротехникалық құрылымның бұл бөлігінде ешқандай бұзылулар немесе жарықтар жоқ, деп хабарлайды Social Media ШЖҚ РМК «Қазсушар» ақпараты бойынша.

Жарықтың бар сияқты көрінуі құрылымның ерекшеліктеріне байланысты – бұл жерде арматуралық элементтің бір бөлігі шығып тұрады, ол су ағысының құйындауын тудырады. Көрнекі түрде бұл ағынның біркелкі еместігі немесе саңылау сияқты көрінуі мүмкін, алайда су торабының құрылымдық тұтастығы бұзылмаған және бұл құбылыс ешқандай қауіп төндірмейді.

Мамандар құрылымды қосымша тексеріп, ешқандай зақымдар мен апаттық қауіптердің жоқтығын растады. Сергеев су торабы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, су ағызу параметрлері нормативтік көрсеткіштерге сәйкес келеді.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде кейбір пайдаланушылар су қоймасының қазіргі техникалық жағдайы туралы жалған ақпарат таратып, қоғамдық дүрбелең мен үрей туғызуға тырысуда.

Айта кету керек, әдейі жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274 бабына сәйкес құқық бұзушылық болып табылады.

Тұрғындарды сабыр сақтауға және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз.

Сондай-ақ оқыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Танымал

Соңғы пікірлер