Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған айлықтың басталуына орай, Солтүстік Қазақстан облысында бұқаралық велошеру ұйымдастырылды. Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған, деп хабарлайды Social Media.
3 шақырымдық қашықтық Облыстық әмбебап ғылыми кітапхана алдынан басталды. Қатысушылар Горький, Сүтюшева, Жұмабаев, Букетов, Жабаев көшелерімен жүріп өтіп, Сүтюшева көшесі арқылы қайта кітапханаға оралды.
Велошеруге кәсіби спортшылардан бастап, әуесқой азаматтарға дейін көптеген тұрғындар мен қонақтар қатысты. Мұндай іс-шаралар жастардың зиянды әдеттерге қарсы көзқарасын қалыптастырып, қоғам назарын нашақорлықтың алдын алуға аударуға бағытталған.
Профилактика — әр адамның жеке таңдауынан басталады. Ал осындай шаралар денсаулықтың маңызын еске салып, белсенді өмір салтын таңдауға ынталандырады.