2024 жылғы 6 желтоқсанда Петропавл қаласында SKO Hub — Қазақстанның он сегізінші өңірлік IT-хабының ресми ашылуы өтті. IT-хаб Astana Hub, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен құрылды және өңірдің технологиялық экожүйесін нығайтудағы маңызды элемент болады, деп хабарлайды Social Media.
Хаб стартаптар өсу үшін қажетті қолдауды таба алатын кеңістікті құруға бағытталып, ал жас таланттар IT-саласында табысты мансап үшін білім мен дағдыларды ала алады. Хаб міндеттеріне IT-білім беруді дамыту ғана емес, сонымен қатар технологиялық кәсіпкерлік үшін қолайлы экожүйені қалыптастыру, цифрлық бастамаларды ынталандыру және Солтүстік Қазақстан облысындағы цифрлық трансформация процестерін жеделдету кіреді.
«SKO Hub -біздің өңірдің it экожүйесін дамытудағы жаңа қадам. Ол жастар мен IT-инфрақұрылымды дамытуға мүдделі тұлғалар үшін тартымдылық орталығына айналады деп күтілуде. Өйткені, оларда одан әрі трансформацияның нақты әлеуеті бар.» – деп Солтүстік Қазақстан облысы аппаратының басшысы – Руслан Әлішев атап өтті
Хаб жұмысы аясында технологиялық экожүйеге қатысушылар арасында білім мен тәжірибе алмасуды қамтамасыз ететін инкубациялық бағдарламалар, білім беру курстары, семинарлар мен митаптар, воркшоптар, форумдар, хакатондар және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады.
«SKO Hub ашу – Қазақстанда тұрақты технологиялық инфрақұрылымды құру жөніндегі стратегиясының бір бөлігі. 2024 жылы Astana Hub он сегізінші хабты ашуда, бұл бүкіл ел бойынша инновациялық жобалар үшін қолдау орталықтарының бірыңғай желісін құрудағы маңызды қадам болады», – деп қосты Astana Hub Өңірлік даму кеңсесінің директоры Аида Дусова.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 18 өңірлік IT-хаб белсенді жұмыс істейді, 1700-ден астам іс-шара, оның ішінде 18 халықаралық форум өткізілді. Бұл бастамалар 50 мыңнан астам қатысушыны тартты және 440 стартап-жобалардың құрылуына ықпал етті. 200-ге жуық IT-компаниялар Astana Hub экожүйесіне қосылды, бұл елдегі цифрлық технологиялар мен инновациялардың дамуына ықпал етеді.
Өңірлік хабтар ашылғаннан бері 450 стартап-идея әзірленді, Qostanai Hub және Kyzylorda Hub-та GameDev орталықтары жұмыс істейді.
Сонымен қатар, 1555 IT-компания, оның ішінде 186-сы Қазақстан өңірлерінен Astana Hub-та технологиялық экожүйенің қатысушылары ретінде тіркелген, бұл өңірлердегі IT-сектордың дамуына ықпал етеді.
SKO Hub ашылуы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инновациялық инфрақұрылым құруға және жас таланттар мен технологиялық кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған стратегиясын қолдайды.